Отзыв пользователя

Activ / Kcell Популярное

от

★
Ужасно!
Ешкімге ұсынбаймын активті. Осы күнге дейін мақтайтын едім, енді көтеріп жіберген, не операторлар өздері білмейді дұрыс. 2оператормен сөйлестім, екеуіде екі түрлі айтып. 5000 тг үстіне шыққан тариф безлимит. Кішкене қарасаңыздар жұмыстарыңызға, не дұрыс сеть тартпайды. Жақсарту үшін көтердік дейсіздер, бірақ дым өзгеріс болмаған, все так же істемейді 5Г қосу үшін дейді, ал 5Г сами по себе болады и то дұрыс емес)

Отзывтарды қарасам мен ғана емес, барлығына қолайсыз суммасы. Санға емес качествоға жұмыс жасасаңыздар! Уже басқа сетьтерді қарап отырмын(мен ғана емес). Бұрында мұндай емес едіңіздер, қазір қатты басқа тарифтерге қарап төлем суммасын көтеріп, качество ұмытқан сияқтысыздар!!!
Ответ представителя

Қайырлы кеш! Сіз ТОП тарифтық жоспарының біреуін таңдап бөлек «Барынша шектеусіз» қызметін қосымша қоса аласыз: танымал бейнесервистерге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге арналған шектеусіз интернет. Толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://activ.kz/kk/top_unlimited
Сондай-ақ, біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Енді Сіз байланыс сапасы бойынша өтінімді телефон арқылы Kcell/activ қосымшасында қалдыруға мүмкіндігіңіз бар. Мекенжайыңызды тексеру үшін - «ТАҒЫ» бөліміне кіріңіз - «Байланыс сапасы бойынша көмек» түймешігін басыңыз - «жасау» түймешігін басыңыз - бұдан әрі сипаттамаға сәйкес барлық тармақтарды толтыру қажет. Біздің мамандар ақпаратты тексереді. (Айсана)