Отзыв пользователя
Activ / Kcell Популярное
от
Айшолпан
Плохо
Сәлеметсіздер ме? Интернет өте нашар жұмыс жасайды. 3G, E болып тұрады. Айына 4000 тг не үшін төлейміз, сонда? Оператордан сұрайын деп хабарлассам, ұзақ күтесің, кабелдер ескірген, жанасын ауыстырамыз дейді. Жанасы қай онжылдықта ауысатынын ешкім білмейді. Осы отзывтардан кейін, шара қолданарсыздар деп үміттенеміз. Құр уәде болып қалып кетпей.Ответ представителя
Қайырлы күн! Сізде мұндай жағдайдың орын алғанына өкінемін. Байланыс сапасы әрқашан біздің компания үшін басты басымдық болды және болып қала береді. Біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Сұрау салуды жедел шешу үшін бізге тексеруге нөмір мен мекенжай жазуыңызды сұраймыз. Әлеуметтік желілерде kcell/activ парақшаларында, жеке хабарламаларға жазып өтсеіңіз болады. Мен немесе әріптестерім ақпаратты міндетті түрде тексереміз. (Асылай)