Отзыв пользователя
TELE2 Популярное
от
Нұржамал
TELE2 жабу керек!
Теле2 операторының сапасы мүлдем нашарлады!Соңғы жылда интернет сапасы өте төмендеп кетті. Республикадағы ең үлкен қаланың қақ ортасында тұрсақ та, интернет дұрыс істемейді. Екі рет операторға шағым түсіріп, "өтінішіңіз қабылданды, жұмыс жасалып жатыр" деген смс алдық. Алайда 6 ай өтсе де, ешқандай жақсару байқалмады.
Сапаны жақсарту орнына, тек бағаларын көтеріп, түкке тұрғысыз жарнамаларын жасай береді. Бір сөзбен айтқанда, бұл интернетке сенім жоқ. Алдымен сапаны жақсартып, тұтынушылардың мәселелерін шешуді қолға алыңыздар! Теле2 операторына өте наразы екенімді жеткізгім келеді.
Ответ представителя
Қайырлы кеш! Осындай қиындықтарға тап болғаныңызға өкінеміз. Бізге нөміріңізді және қатенің скриншотын info@tele2.kz мекенжайына жазыңыз. «Мен valrating.com-те пікір қалдырдым» деп жазып, пікіріңізбен бірге скриншотты тіркеңіз.